«Күн астында гүлдей бер, менің Қазақстаным!» «Не? Қайда? Қашан? зияткерлік ойыны
- 356
24 қазанда Орталық кітапханада Республика күніне арналған «Күн астында гүлдей бер, менің Қазақстаным» іс-шарасы қара металлургия колледжінің студенттерінің қатысуымен «Не?Қайда?Қашан?» зияткерлік ойын түрінде өтті. Шара жүргізушісі студенттерге Қазақстан тарихы бойынша қызықты тапсырмалар мен сұрақтар дайындады, балалар оларға жауап бере отырып, ойлау, пайымдау, дәлелдеу, қорытынды жасау қабілеттерін көрсете алды. Ойында қатысушылардың білім мен бірлігі барлық мәселелерді тамаша шешуге көмектесті.
«ЖАРҚЫН АРМАН АҚЫН» ӨЛЕҢ ОҚУ САЙЫСЫ
- 384

18 қарашада Орталық кітапханада Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған «Жарқын арман ақыны» өлең оқу сайысы өтті. Сайыс екі кезеңнен өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар өздерін таныстырды. Екінші кезеңде сайысқа қатысушылар ақынның шығармаларынан үзінділерді жатқа оқыды.
29 қыркүйек күні Орталық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Кітап тайм-2023» кітап фестивалі шеңберінде өткен «Әжемнің ертегісі» дауыстап оқу өтті.
- 501
29 қыркүйек күні Орталық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде «Кітап тайм-2023» кітап фестивалі шеңберінде өткен «Әжемнің ертегісі» дауыстап оқу өтті. Абай жалпы білім беру мектебінің 1 «Е» сынып оқушылары қатысты. Кекилова Дәметкен Байболатовна әжеміз «Айлакер бала» атты қазақ ертегісін оқып балалармен қызықты ойындар өткізді.
29 қыркүйекте Орталық кітапханада жыл сайынғы «KіtарTime-2023» фестивалі өтті.
- 606
29 қыркүйекте Орталық кітапханада жыл сайынғы «KіtарTime-2023» фестивалі өтті. Фестиваль С.Торайғыров ат. ОӘҒК ұйымдастыруымен Сатыбалдин Серік Қинаятұлы және Алпысбай Хонжмен кездесу өткізіліп, «Шыншыл бала» кітабының тұсаукесерімен басталды. Шара одан әрі Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Төлен Әбдіктің шығармашылығына арналған «Дарындылар арасындағы дара талант» әдеби қонақжайымен жалғасын тапты. Онда қатысушылардың назарына «Қонақтар» әңгімесі бойынша театрландырылған қойылым мен бейнеролик ұсынылды. Сонымен қоса, фестиваль аясында шағын және ретро кітаптар көрмесі, «Ауылға кітап» акциясы және қолөнер мен сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Қыркүйек айының соңғы жексенбісі - "Еңбек күні" мерекесі болып бекітілді. Осы күнге орай оқырмандар назарына "Жұмысшылар қаласы" атты бейнематериалды ұсынамыз.
- 301
Қыркүйек айының соңғы жексенбісі - "Еңбек күні" мерекесі болып бекітілді. Осы күнге орай оқырмандар назарына "Жұмысшылар қаласы" атты бейнематериалды ұсынамыз.
20 қыркүйекте Инстаграм парақшасында «Цвет настроения-книжный» виртуалды кітап анонсы туралы бейне хабарлама шықты
- 479
20 қыркүйекте Инстаграм парақшасында «Цвет настроения-книжный» виртуалды кітап анонсы туралы бейне хабарлама шықты. Бұл шығарылым Джек Лондонға арналған «Лунная долина» кітабына негізделген.





