- 55
Ақсу қаласының кітапханасында Наурыз мейрамы салтанатты түрде аталып өтті. «Қош келдің, әз Наурыз!» атты іс-шараның мақсаты – ұлттық дәстүрлерді дәріптеп, бірлік пен татулықты нығайту болды.
Мерекеге «Асыл мұра» қоғамдық бірлестігі, төтенше жағдайлар және әскери комиссариат қызметкерлері, сондай-ақ Қара металлургия колледжінің студенттері қатысты. Студенттер ұлттық ойындарға белсенді қатысып, ептілік пен командалық рухтарын көрсетті. Жеңімпаздар марапатталды.
- 87
Тәуелсіздік — мәңгілік ел тұғыры» атты Ашық есік күні өтті. Іс-шараға қалалық № 8 орта мектебінің 8-сыныбының және № 4 орта мектебінің 7-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар үшін мазмұнды әрі танымдық бағдарлама әзірленді.
- 83
20 ақпанда Орталық кітапханада «Гуляй, Масленица!» атты фольклорлық-ойын бағдарламасы өтті. Мерекелік шара көктемнің жаршысы, халықтың ең сүйікті дәстүрлі мейрамдарының бірі — Масленица мерекесіне арналды.
- 126
6 ақпанда Ақсу қаласының Орталық кітапханасында көрнекті қазақ ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Мәңгілік ғұмыр» атты поэзия сағаты өтті. Шараға Абай атындағы және Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептердің оқушылары қатысты.
- 77
5 ақпан күні Орталық кітапханада «Ұрпақ тәрбиесі: ұлт аналарының қолында» атауымен «Алып кимешек» ұлттық жобасының қатысушысы, Global Book of Records рекордының иегері, «Қазақ аналары -дәстүрге жол» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысы бойынша филиалының бас кеңесшісі, облыстық «Қазақ тілі» қоғамының алқа мүшесі, ұстаз, журналист, қоғам қайраткері, Ақсу қаласының құрметті азаматы Светлана Қабидоллақызы Қондыкеровамен кездесу өтті. Сонымен қатар «Қазақ аналары - дәстүрге жол» Республикалық Қ.Б.Павлодар облыс қоғамының мүшесі, ардагер ұстаз, “Абзал ана” төсбелгісінің иегері Анарбаева Шарида Таукенқызы және Ақсу қалалық тарихи-өлкетану мұражайының басшысы Ақшолақова Гульжанар Наскенқызы шараның қонағы болды.
- 130
2026 жылғы 21 қаңтар күні орталық кітапханада көрнекті ғалым, абайтанушы, алаштанушы Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Алаштың соңғы тұяғы – Қайым» атты тұлғатану сағаты өтті.
- 94
5 қаңтар күні Ақсу қаласының Орталық кітапханасында дәстүрлі түрде өтетін «Бірінші оқырман күні» акция ұйымдастырылды.
- 235
Ақсу қаласының Орталық кітапханасы 24 желтоқсан күні Қызылжар ауылдық округіне қарасты Бөріктал, Суаткөл және Жаңа-Шаруа ауылдарына арнайы «Көшпелі кітапхана» шарасымен сапар жасап қайтты. Аталған шараның мақсаты - шалғай елді мекен тұрғындарын кітап әлемімен жақын таныстырып, оқуға деген қызығушылығын арттыру.
- 185
Тифлология әдебиетін насихаттау аясында Брайль әліпбиін үйренуге арналған «Көрінбейтінді көру» атты шеберлік сабағы өтті. «Альтернатива» АМҚБ төрағасы А. Ю. Цитович қатысушыларға Брайль шрифінің әріптері, сандары мен ноталары туралы толығырақ мағлұмат берді.
Наурызнама онкүндігі аясындағы «Қайырымдылық» күні




