«ҚАСҚЫР МЕН ЖЕТІ ЛАҚ» ЕРТЕГІСІН ДАУЫСТАП ОҚУ
- 445
4 қазан күні Ақсу қаласының ОК балалар әдебиеті бөлімінде «Әжемнің ертегісі» жобасы аясында Ы. Алтынсарин ат. орта мектептің 2 "Б" сыныбы үшін «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі бойынша дауыстап оқу өтті. Ертегіні Дәметкен әже оқыды. Дәметкен әже ертегіні оқыған кезде кейіпкерлерінің дауысын салып, оқыды. Мұндай оқу балалардың қызығушылығын тудырды. Оқушылар шығарманы оқығаннан кейін өз әсерлерімен бөлісті, кітап кейіпкерлерінің іс-әрекеттеріне өз көзқарастарын білдірді. Іс-шара соңында балалар тәтті сыйлықтарға ие болды.
«KITAPTIME-2024» КІТАП ФЕСТИВАЛІ
- 529
2024 жылдың 27 қыркүйегінде Орталықтандырылған кітапхана Балалар шығармашылық үйінде «KitapTime-2024» кітап фестивалін ұйымдастырды.
ОТБАСЫ – БАҚЫТ АЯСЫ
- 527
6 қыркүйекте Орталық кітапхананың қызметкерлері қала тұрғындары арасында «Бірге болу – бақыт» акция-сауалнамасын өткізді. Акция қатысушыларына «Отбасы – бұл...» сөйлемін аяқтау ұсынылды.
«ТІЛ – ХАЛЫҚ ЖАНЫ»
- 487
5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдер күні. Осы мереке күнінде Ақсу өңірінің кітапханалары жүйесінде Қазақстан халқы тілдерінің маңыздылығына арналған түрлі іс-шаралар өткізілді: әдеби сағаттар, дөңгелек үстелдер, кітап көрмелері, викториналар және т.б.
«КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛ ТІРЕГІ»
- 502
ҚР Конституциясы күні қарсаңында Ақсу өңірі жүйесінің барлық кітапханаларында бірқатар іс-шаралар өтті.
АБАЙ КҮНІ «АБАЙ – ҰЛЫ ТҰЛҒА»
- 445
10 тамызда Қазақстанда философ, ақын, ағартушы және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың (1845 – 1904) туғанына 179 жыл толуына орай Абай күнін салтанатты түрде атап өтіледі. Естеріңізге сала кетейік, бұл мемлекеттік мереке төрт жыл бұрын атаулы күн – ұлы классик және ойшылдың 175 жылдығы қарсаңында құрылған болатын. «Біз ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтай береміз. Өйткені халқымыздың болмыс-бітімі, ділі, дүниетанымы оның шығармашылығында тұтастай көрініс тапқан. Абай шығармаларын елімізде ғана емес, шетелде де насихаттауымыз керек», - деп түсіндірді жаңа мерекенің бекітілуін осылай түсіндірді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.





