ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
- 216
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақсу қалалық жағажайында ұйымдастырылған ауқымды мерекелік іс-шара барысында Ақсу қаласының Орталық кітапханасы «#БалалықШақОфлайн#Жаз#Кітапхана» атты жазғы библиобум өткізді.
Шара барысында кішкентай оқырмандарға ашық аспан астында «Оқу залы» ұйымдастырылды, онда балалар өзіне ұнаған кітап, журналдарды алып оқуына мүмкіндік туды, сонымен бірге бос уақыттарын қызықты өткізу үшін әртүрлі үстел ойындары ұсынылды. Орта буын оқушыларына викториналық сұрақтар мен қызықты ойындар өткізілді.
«ҚАЗАҚ МУЗЫКАСЫНЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ» АТТЫ ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕШ
- 253

20 мамыр күні Ақсу қаласындағы Жаяу Мұса атындағы колледжде Ақсу қ. Орталық кітапхана қызметкерлері студенттерге арналған Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына орай «Қазақ музыкасының ұлы тұлғасы» атты әдеби-сазды кеш өткізді.
Іс-шара барысында қатысушыларға қазақ музыка өнерінің көрнекті қайраткері Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнды ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар композитор мұрасына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
ЖЕҢІС КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ТӨРЛЕТ, ЕРЛІК ПЕН ДАҢҚ МЕРЕКЕСІ» АТТЫ ЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ
- 261
6 мамыр күні Ақсу қаласының Орталық кітапханасында 9 мамыр — Жеңіс күніне арналған «Төрлет, ерлік пен даңқ мерекесі» атты ерлік сағаты өтті.
«ЕР – ЕЛІНІҢ ҚОРҒАНЫ» ПАТРИОТТЫҚ САҒАТ
- 242
4 мамыр күні Орталық кітапханада Ақсу қаласының №19 Ақсу қара металлургия колледжінің студенттерінің қатысуымен Отан қорғаушылар күніне арналған «Ер – елінің қорғаны» атты патриоттық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында жүргізушілер Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылу тарихымен таныстырды.
«ЕЛ БІРЛІГІ – БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ» АТТЫ ДОСТЫҚ САҒАТЫ ӨТТІ
- 219
29 сәуірде Ақсу қаласының Орталық кітапханасында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Ел бірлігі – басты байлығымыз» атты достық сағаты өтті. Іс-шараның құрметті қонақтары қатарында Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Р. Негманова, қаланың құрметті азаматтары және мектеп оқушылары болды.
«КІТАП ШОУ – 2026» КІТАП ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
- 228
23 сәуірде «Aksu Mаll» сауда орталығында Ұлттық кітап күні және Кітапханашылар күніне орай Ақсу қаласының тұрғындары мен қонақтарына және жалпы кітап сүйер қауымына арналған «Кітап Шоу – 2026» кітап фестивалі өтті. Бағдарлама аясында: кітап көрмелері мен буккроссинг, театрландырылған қойылымдар, шеберлік сағаттары, поэзия алаңы, шығармашылық ұжымдардың өнерлері мен танымдық викторина ұйымдастырылды.





